ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ ҒАНА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕДІ » №59 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№59 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 54-47-40
Есепші бөлімі:
+7(726) 54-47-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ ҒАНА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕДІ
03
наурыз
2022

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ ҒАНА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕДІ

 Сапалы білім беру қай кезде де болмасын қоғамның басты құндылықтарының бірі болып саналады. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.  Осы орайда 2022 жылдың 3 наурыз күні Тараз қаласы білім бөлімінің №59 орта мектебінде бастауыш сынып пәндерін оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибені тарату мақсатында «Оқытудың жаңа тәсілдері арқылы бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдері үшін практикалық семинар өтті. Семинар барысында заманауи әдістерді өз тәжірибесінде қолданып жүрген бастауыш сынып мұғалімдері Исаева Анар, Мирманова Жулдыз, Серикбаева Санем, Анатаева Айгуль  заманауи әдістерді  сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен қатар Журакулова Гулмира әріптестерінің жаңа әдіс-тәсілдерге деген көзқарастарын көру, кеңесу мақсатында «Жаңа білімге заманауи көзқарас» атты шебер сынып өткізді. Шебер сынып мұғалімдердің сабақта оқытудың 7 модулін неғұрлым тиімді пайдалана отырып, ел болашағы балалардың дамуына, білімді өз беттерімен алып, оны орынды қолдана білуіне ықпал ететіні туралы ой түйді. 
Семинар соңында Тараз қаласы білім бөлімінің әдіскері Игисинова Жайна Жандарбековна семинарға жоғары баға беріп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
№59 орта мектебі директорының 
ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Н. Курмашева









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив